Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 369.36 EUR 431.30
RUB 5.45 CNY 53.80
Жаңалықтар

Көкшетау университетінің ректоры: Медицина кадрларын даярлау - зор жауапкершілік

2018 жылғы 16 қыркүйек 02:43 549
Бөлісіңіз:
Көкшетау университетінің ректоры: Медицина кадрларын даярлау - зор жауапкершілік

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Медицина кадрларын даярлау орасан зор жауапкершілікті және қыруар қаржыны талап етеді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры Марат Сырлыбаев айтты.

Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстауда жұқпалы аурулар ауруханасы облыстық ауруханамен біріктірілді Қазақстанда емханаға тіркеу науқаны басталады

Ректордың  айтуынша, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті еліміздегі бірден-бір көпбейінді оқу орны саналады. Жарты ғасырдан астам тарихы бар  жоғары білім ордасында  мұғалімдер, инженерлер, ауыл шаруашылығы қызметкерлері және қызмет көрсету саласының мамандары даярлануда. Соған қарамастан медициналық факультет ашу шешіміне келу университет үшін толғанысты мәселе болғандығы белгілі. Бұрын соңды мүлдем болмаған медициналық факультеті ашуға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы себепші болған.

«Жолдаудағы міндеттерді орындау  мақсатында Ақмола облысы әкімі Мəлік Мырзалиннің тікелей тапсырмасымен университет жанынан «Жалпы медицина» факультетін аштық. Бұл əрине, облысымыз үшін айтулы оқиға», - дейді Марат Сырлыбаев.

Сонымен қатар, ректор жаңа факультетке құжат тапсырушылар да грант иегерлерінің де қатары көп болғанын атап өтті.

«Университет 2018-2019 оқу жылына 172 абитуриентті қабылдады. Олардың қатарында Білім және ғылым министрлігінің 12, Ақмола облысы әкімінің 50 грант иегері бар. Ал, 110 студент келісімшарт негізінде оқыса, Бұланды, Зеренді, Біржан сал, Астрахан, Сандықтау аудандары 11 грант бөліп отыр, 6 студентіміз заңды тұлғалар мен демеушілер қаржысы есебімен тәлім алуда. Студенттердің 15-інің колледж бітіргендігі туралы дипломы болса, жедел жәрдем қызметінің 8 өкілі білімін толықтыратын болады», - деп толықтырды Марат Сырлыбаев

Айта кетейік, «Жалпы медицина» мамандығы бойынша оқуға түскен 172 студенттің 140-ы Ақмола облысының тұрғындары екендігін атап өтуге болады. Бұлардың ішінде 61 грант иегерлерімен үш жақты келісімшарт жасалғандықтан олардың барлығы туған жерінде кемінде 3 жыл жұмыс істеуге міндетті.

Интернатураның 1 курсына 12 адам қабылданса, оның алтауы Білім және ғылым министрлігінің грантымен оқып жүр. Интернатураға қабылданғандар арасында төрт-төрттен хирург пен жалпы практика дәрігері, 2 терапевт, бір-бірден акушер-гинеколог пен балалар дәрігері бар.

Оған қоса университет шетелдік студенттерді оқыту жөніндегі компаниямен 150 адамды қабылдау туралы келісімшартқа қол қойған.

«Шетелдік студенттермен сабақ ағылшын тілінде жүргізілетін болғандықтан оқытушылар құрамын жасақтап, аудиториялар мен кабинеттерді жабдықтадық. Жалпы, медицина кадрларын даярлау орасан зор жауапкершілікті талап етеді және қыруар қаржыны қажетсінеді. Сондықтан, университетіміз MCI (Үнді медицина кеңесі) құрамына тіркелді. Осы келісім шарт бойынша компания студенттерді жатақханамен және қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етеді. Жақында шетелдік студенттердің алғашқы легі келе бастайды», - деп қорытындылады Марат Сырлыбаев сөзін.


Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
Редактор
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат