Көкшетау университетінде 100-ден астам адам эвакуацияланды

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетауда жоғары оқу орнының ғимаратында электр сымдарының қысқа тұйықталуынан 100-ден астам адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 09:44-те «101» пультіне Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің алтыншы қабатында өрт шыққандығы туралы хабарланған.

«Анықталғандай, түтін электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан. Шақырту орнына ТЖД жеке құрамынан 54 адам және 12 арнайы техника тартылды. Ғимартта болған 113 адам эвакуацияланды. Сағат 09:50-де мекеме қызметкерлері электр сымдарының қысқа тұйықталуын жойды. Жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ», – деді Көкшетау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Максим Шатковский.

Осы ретте, Ақмола облысының ТЖД қызметкерлері өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін, сондай-ақ, төтенше жағдай туындаған жағдайда «101» немесе «112» нөміріне қоңырау шалуды еске салады.

Айта кетсек, Ақмола облысында қар құрсауынан 1200-ден астам көлік шығарылды.


Соңғы жаңалықтар