Көкшетау тұрғынынан ақша бопсалаған «полицейлер» ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау тұрғынынан ақша бопсалаған жалған полиция қызметкерлері ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

4 сәуір күні Көкшетау қалалық ІІБ кезекшілік бөліміне жергілікті 33 жастағы тұрғыннан арыз түскен.

Зардап шегушінің сөзінше, өздерін полиция қызметкерлері деп таныстырған бейтаныс адамдар оның үйіне баса көктеп кіріп, ұрып соғып, ақша бопсалаған.

"Жалған полицейлер ер адамға есірткі саудасымен айналыстың деп жалған айып таққан. Күш қолданып, қорқытып 43 мың теңге ақшаны иемденгеннен кейін тайып тұрған. Алайда, зардап шегуші үйіне баса көктеп кірген "полицейлердің" құжатын да сұрап үлгермеген. Дегенмен, жедел іздестіру шарасы барысында Көкшетау қалалық ІІБ қызметкерлері көп ұзатпай екі күдіктіні қолға түсірді", - деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 194-бабының 1-бөлігі бойынша сотталды өндірістік іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар