+7 (701) 759 90 19
USD 389.62 EUR 429.98
RUB 6.06 CNY 55.08
Jańalyqtar

Көкшетау тұрғыны жөндеуге тастап кеткен көлігін айыппұл тұрағынан тапты

2019 жылғы 16 сәуір 17:13
Бөлісіңіз:
Көкшетау тұрғыны жөндеуге тастап кеткен көлігін айыппұл тұрағынан тапты

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласы тұрғынының техникалық қызмет көрсету стансасына жөндеуге қалдырған көлігі айыппұл алаңынан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, сәуірдің 15-де Көкшетау қалалық ПБ кезекші бөліміне 32 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, «ВАЗ 21114» маркалы көлігінің ұрланғанын айтқан. Зардап шегушінің сөзінше, ол автокөлігін қаладағы ТҚС (Техникалық қызмет көрсету стансасына) жөндеуге қалдырған. Алайда, көлік айыппұл алаңынан бір-ақ шыққан. Бұл туралы көлік иесіне ТҚС иесі хабарлаған.

Кейіннен көлікті айдап әкетіп, біраз «қыдырмақ болған» осы ТҚС жұмысшысы болып шықты. Ер адамның масаң күйде көлікке отырғанын байқап қалған жол-патруль полиция қызметкерлері дереу оны ұстап, көлікті айыппұл алаңына қойған.

«Күдіктінің Көкшетау қаласының 24 жастағы тұрғыны екені анықталды. Ол бұған дейін де өзгенің көлігін иемденгені үшін істі болған. Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 200-бабының 1-бөлігі бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деді ПД баспасөз қызметіндегілер.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ақмола облысы, Оқиға, Заң, Көлік,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT