Көкшетау тұрғыны түйнеме ауруын жұқтырмаған - дәрігерлер

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда ауруханаға жатқызылған тұрғын түйнеме жұқтырмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментіне сілтеме жасап.

Кеше ғана әлеуметтік желіде түйнеме жұқтырған ақмолалық туралы бейнежазба тараған болатын. Мұны Ақмола облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментіндегілер растамады.

«2020 жылғы қаңтардың 12-сінде Көкшетау қалалық басқармасына 32 жастағы жергілікті тұрғынның «Сол жақ иық тұсындағы инфекциялы жара. Басталып келе жатқан лимфангит. Сол жақ қолтығының астында лимфангит. Сібір жарасының карбункулы» диагнозымен ауыратыны жөнінде шұғыл хабар түскен. Осыған байланысты Ақмола облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаменті мен облыстың ветеринарлық қызметі шұғыл түрде санитарлық-эпидемиялық және эпизоотикалық кешенді шаралар жүргізді. Зертханалық тексеру науқастан үшін материал алынды. Байланыс жасаған ортасы анықталды. Тағамға қолданған еттен сынама алынды. Нәтижесінде түйнеме ауруы расталмады» дейді ведомстводан.

13 қаңтарда зертханалық тексерістің нәтижесінде науқасқа басқа - «иығы мен қолтық терісіндегі эритематозды-буллезді тілме» диагнозы қойылды.

«Қазіргі кезде науқастың жағдайы бірқалыпты, негізгі ауруы бойынша станционарлық ем алып жатыр»,- деп толықтырды Ақмола облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментіндегілер.


Соңғы жаңалықтар