Көкшетау тұрғыны «маньяктің» бостандықта жүргені туралы жалған ақпарат таратқаны үшін жауапқа тартылуы мүмкін

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау тұрғыны Татьяна Романова қалада еркін серуендеп жүрген маньяк туралы жалған ақпарат таратқаны үшін жауапқа тартылуы мүмкін. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлердің мәліметі бойынша, 2015 жылдың 6 қарашасында Көкшетау қаласында жиені нағашы апасын пышақтағаны туралы жантүршігерлік оқиға тіркелген. Осыған байланысты ҚР ҚК 106-бабының 1-бөлімі бойынша (денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру) қылмыстық іс қозғалып, 11 қараша күні таңғы 06:00 минут шамасында 1995 жылғы күдікті жалдап тұрып жатқан пәтерінде қолға түсті. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде. Ал, күдіктінің қарындасы Татьяна Романова болса, қарашаның 8-і күні өзінің «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде өзінің ағасы Рыдун Санжар (күдікті) ақша алу мақсатында туған тәтесін 27 жерден пышақтағаны жөнінде жалған ақпарат таратқан. Осылайша, ол болған қылмыстық оқиғаны түрлендіріп, «маньяктің» бостандықта еркін жүргенін айтып, ғаламтор пайдаланушылары мен қала тұрғындарын жаңылыстырған. Қазіргі кезде жалған ақпарат таратқан Татьяна Романоваға қатысты процессуалдық шешім қабылдау мәселесі қарастырылуда.

Соңғы жаңалықтар