+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Көкшетау тұрғыны ата-анасының үйінде қарасора өсірген

2021 жылғы 7 маусым 15:48
Бөлісіңіз:
Көкшетау тұрғыны ата-анасының үйінде қарасора өсірген

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласында дәнеркелеуші болып жұмыс істейтін 24 жастағы тұрғын қолдан қарасора өсіруге арналған бокс қорап жасаған. Осы үшін ол қылмыстық жауапқа тартылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Бурабайда өңірлердегі ономастика проблемаларын шешу жолдары талқыланды Ақтөбеде 243 келі есірткі тәркіленді Ералы Тоғжанов: Жаңа синтетикалық есірткінің негізгі тұтынушылары – жастар

«Көкшетау қаласының техникалық жөндеу орталығында дәнекерлеуші болып жұмыс істейтін жергілікті тұрғын ата-анасының жеке үйінде есірткі тұқымдас қарасора өсірумен айналысқан. Үйді тексеру кезінде бөлмелердің бірінде табылған қолдан жасалған қораптың ішінен қарасораға ұқсас өсімдік шықты. Сонымен бірге, қара топырақ пакеттелген тыңайтқыш қаптамалары, климат-бақылау қондырғысы, өсімдіктерді күту кестесі және фитолабораторияның басқа да жабдықтары тәркіленді», - деп түсіндірді Ақмола облысы полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасындағылар.

Ер адам ұсталған кезде есірткіге мас күйде болды. Оның сөзінше, тәркіленген өсімдіктер үш түрлі сортқа жатады және оны бірнеше ай бұрын Интернет арқылы тапсырыспен алған.

«Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 300 бабы «Құрамында есірткі бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды», - деп толықтырды ведомстводан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT