Көкшетау тұрғыны 7 келі есірткімен ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы аумағында  2018 жылдың  28-ші мамыры мен 1-інші маусымы аралығында есірткі  саудасының  жолын кесу мақсатында "Канал-Кордон" жедел алдын алу шарасы өтті, деп хабарлайды  ҚазАқпарат  тілшісі ІІД  баспасөз  қызметіне  сілтеме  жасап.

Полицейлердің дерегі  бойынша 5 күннің ішінде есірткі саудасына қатысты 7 оқиға  тіркелді. Оған қоса есірткіге масайып көлік айдаған  11 жүргізуші əкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Жедел  алдын  алу  шарасының бірінші  күні есірткі  заты -"марихуананы" саудаламақ болған  Көкшетау қаласының  тұрғыны  ұсталды. Кейін оның үйін тінту  кезінде 7 келі  "марихуана" тəркіленді.

Күдіктінің  үстінен ҚР  ҚК 297 бабының 3 бөлігі бойынша қылмыстық  іс қозғалды", деп түсіндірді  ведомстводан.

Айта кетейік, жыл басынан  бері  облыста заңсыз саудада жүрген жалпы салмағы  155 келі  түрлі  есірткі заты тəркіленген.

Соңғы жаңалықтар