Көкшетау тұрғындары вакциналау мәселесі бойынша кеңес алды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы үш апта бойы коронавируспен сырқаттану көрсеткіші бойынша «қызыл аймақта» тұр. Жергілікті билік аурудың алдын алу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда. Вакцинация қарқынының төмендеуі де ерекше алаңдаушылық тудырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алаңдаушылықты жою және азаматтардың барлық сұрақтарына жауап алу үшін денсаулық сақтау басқармасы жетекші медицина мамандарының халықпен кездесуін ұйымдастырды.

Іс-шарада қала тұрғындары сырқаттану бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдайға қатысты мамандарға өздерін толғандырған сауалдарын қойып, кеңес алды.

Сонымен қатар, бірнеше науқасқа денсаулық сақтау ұйымдарында тексеру тағайындалды. Ашық есік күніне келгендердің көбі - неврологиялық ауруы бар науқастар.

Оның көпшілігі - COVID-19-дан кейінгі салдары.

Штаттан тыс бас невропатолог, көпбейінді облыстық аурухананың неврологиялық бөлімінің меңгерушісі Мақшарип Мартазановтың айтуынша, постковид асқынуларымен күресу вакцинациядан әлдеқайда қиын.

«Әрине, тақырып қызықты емес. Дегенмен, біз коронавирсупен бірлесіп күресуіміз керек. Постковид синдромы ең алдымен жүйке жүйесіне әсер етеді. Соңғы деректер бойынша мұндай жағдайлар 80 пайыз кездеседі. Адамның жүйке жүйесіндегі ауытқулар әлдеқайда қауіпті және одан мәселе туындайды, содан кейін олар бізге жүгінеді. Осы салдардың барлығын тек қана вакцинацияның арқасында ғана алдын алуға болады. Адамзат баласы COVID-19 күресуде вакцинадан басқа әлі өзге құрал ойлап тапқан жоқ», - дейді Мақшарип Мартазанов.

Тәжірибелі дәрігерлерден кеңес алғандардың бірі - облыс орталығының 84 жастағы тұрғыны Владимир Рыбинский.

«Бүгін коронавирус туралы үлкен пікірталас жүріп жатыр. Адамдар әлі де вакцинацияның маңыздылығын түсінбейді. Бүгінгі таңда ең бастысы, өзіңді, отбасыңды, айналаңды сақтап қалу үшін-вакцинациядан өту керек. Мен жасыма қарамастан, мен екі егуді де алдым. Ең бастысы - қорқудың қажеті жоқ», - дейді зейнеткер.

Сондай-ақ, кездесу өтетін жерде мәдениет сарайында екпе егу пункті де ұйымдастырылды.


Соңғы жаңалықтар