Көкшетау техникалық институтының 20-шы түлектеріне диплом тапсырылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау техникалық институтының 20-шы түлектеріне диплом тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көкшетаудағы Тәуелсіздік алаңында ұйымдастырылған салтанатты шараға ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Василий Крылов, өрт сөндіру қызметінің ардагерлері, диплом алып жатқан курсанттардың туыстары мен жақындары келді.

Құттықтау сөз сөйлеген Владимир Беккер түлектердің қуаныштарына ортақтасып, алдағы қиын да жауапты қызметтеріне сәт-сапар тіледі.

«Жаңа өмірге қадам басқан түлектер үшін бүгін - өте ерекше күн. Жас өрендеріміз өз өмірлерінің ең жауапты сәтін бастан кешіруде. Төрт жыл бойы оқу ордасында сапалы білім алған ұландар ғана елімізді төтенше жағдайлардан сақтап қала алады, - деді Владимир Беккер.
null

Бұл күні аталған институттың 108 түлегі диплом алса, 34 курсант Ресейдің ТЖМ Өртке қарсы мемлекеттік академиясының дипломын алды. Түлектер Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық органдары мен басқа да құқық қорғау құрылымдарына арнайы жолдамамен жұмысқа жіберілетін болды.

Еске сала кетсек, Көкшетау техникалық институты Қазақстандағы өрт қауіпсіздігі саласында білікті маман-кадрлық офицерлер даярлайтын жалғыз арнайы оқу орны болып табылады. Институт қабырғасынан диплом алып шыққан курсанттар еліміздің кез келген жеріне өртке қарсы қызметке алынып, саланың дамуына едәуір үлес қосады.

nullnullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар