Көкшетау техникалық институтының 16-шы түлектеріне диплом тапсырылды

None
None
КӨКШЕТАУ.ҚазАқпарат - Бүгін облыс орталығындағы "Тәуелсіздік" алаңында Көкшетау техникалық институтының 16-шы түлектері диплом алды. Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Көкшетау техникалық институтының биылғы түлектерінің диплом және офицер шенін алу салтанатына облыс әкімі Сергей Кулагин және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко қатысып, сөз сөйлеп, алдағы қиын да жауапты қызметтеріне сәт сапар тіледі.

Бұл күні аталған институттың 136 түлегі диплом алса, оның ішінде Р.Письменский ерекше үлгідегі дипломға қол жеткізді. Ал, 15 курсант Ресейдің ТЖМ өртке қарсы мемлекеттік Академиясының дипломын алды. Оның бірі алтын медальге ие болды.

Сонымен қатар, институт атынан спорттық және қоғамдық іс шараларға қатысқан түлектер Р.Шанаев, А,Кұспанғалиев, Е.Демесінов, Т. Каюпов және А.Шәбдікерімов ІІІ дәрежелі «Құтқарушы» төсбелгісіне ие болды. Ал, Н.Дүкетбаев, А.Қайсанов, А.Қожайбердиев А.Дүйсенов, Д. Айтқұлұлы және А.Үмешов ҚР ТЖМ Алғыс хаттарымен марапатталды.

Ендігі жерде институт түлектері Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдары мен басқа да құқық қорғау құрылымдарына арнайы жолдамамен жұмысқа жіберілетін болды.

Соңғы жаңалықтар