Көкшетау техникалық институтының 138 курсанты ант қабылдады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Көкшетау техникалық институтының 138 курсанты Қазақстан халқына және өз Президентіне адал болуға ант берді.

Тәуелсіз еліміздің болашақ өрт сөндірушілерін ант қабылдауымен құттықтауға ҚР ІІМ орынбасары Юрий Ильин, ҚР ІІМ ТЖК төрағасы Владимир Беккер, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов,  Ақмола және өрт сөндіру қызметінің ардагерлері, курсанттардың туыстары мен жақындары келді.

Еске сала кетсек, Көкшетау техникалық институты Қазақстандағы өрт қауіпсіздігі саласында білікті маман-кадрлық офицерлер даярлайтын жалғыз арнайы оқу орны болып табылады. Биыл аталған оқу орнына  175 талапкер қабылданса, оның 37-сін ҚР ІІМ ТЖК Ресей және Беларусь елдеріндегі жоғары оқу орындарына жібереді. Ал, қалған  137-і Көкшетау техникалық институтында білім алмақ. Бұл жолы салтанатты түрде ант қабылдаған курсанттар төрт жылдан кейін еліміздің кез келген жеріне өртке қарсы қызметке алынып, саланың дамуына едәуір үлес қосатын болады.

кокшетау кокшетау кокшетау 

Соңғы жаңалықтар