Көкшетау техникалық институтының 120-ге жуық курсанты ант қабылдады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат -Бүгін Көкшетау техникалық институтының 120 жуық курсанты Қазақстан халқына және өз Президентіне адал болуға ант берді.

Тәуелсіз еліміздің болашақ өрт сөндірушілерін ант қабылдауымен құттықтауға ҚР ІІМ ТЖК төрағасы Валерий Петров, Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы Мұратбек Тақамбаев және өрт сөндіру қызметінің ардагерлері, курсанттардың туыстары мен жақындары келді.

Еске сала кетсек, Көкшетау техникалық институты Қазақстандағы өрт қауіпсіздігі саласында білікті маман -кадрлық офицерлер даярлайтын жалғыз арнайы оқу орны болып табылады. Бұл жолы салтанатты түрде ант қабылданған курсанттар төрт жылдан кейін еліміздің кез келген жеріне өртке қарсы қызметке алынып, саланың дамуына едәуір үлес қосады.

Соңғы жаңалықтар