Көкшетау су арнасы инновациялық әдіспен «жасыл» энергия өндіруді қолға алмақ

None
None
КӨКШЕТАУ.ҚазАқпарат- «Көкшетау су арнасы» коммуналдық кәсiпорыны инновациялық жолмен турбогенераторды iске қосуды жоспарлап отыр. Бұл туралы кәсіпорын басшысы Зейнұр Әлібеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кәсіпорын басшысының сөзінше, су турбинасы негізіндегі шағын су электр станциясының инновациялық конструкциясын жасау арқылы «жасыл» энергияның автономдық және жүйелік өндірісі жүзеге асырылмақшы. Кәсіпорының өз қажеттіліктерін өтейтін дербес электр энергиясын өндіру тарифтердің өсуіне тосқауыл болмақ. Жақында жоба иелерімен кездесу жоспарланып отыр.
null 

«ЭКСПО-2017» көрмесінде көптеген инновациялық жобалар ұсынылды. Бұл жобалардың 5-уiн біздің Ақмола облысында жүзеге асыру қарастырылып отыр. Соның бірі, инновациялық жолмен су құбырын тазалау стансасында турбогенератор орнатып, өз қажетіліктерімізді өтейтін электр қуатын өндіру. Әзірге, нақты қандай жобаны жүзеге асыратынымыз белгісіз. Бізді «ЭКСПО-2017» көрмесінде ұсынылған швециялық фирманың 40 киловаттан 250 мегаватқа дейін электр энергиясын өндіру жобасы қызықтырды. Бірақ біздің су шығынымыз 21000 текше метрді құрайды, ал, шведтіктердікі 50000-100000 метр су шығынын талап етеді. Сол себепті, бұл жоба әлі де пысықталуда. Егер де, алдағы уақытта біздің талаптарға сай келіп жатқан жоба болып жатса жүзеге асыруға дайынбыз», деді кәсіпорын басшысы Зейнұр Әлібеков.
null 

Сонымен қатар, кәсіпорын басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің де Көкшетау қаласының коммуналдық нысандарына қаржы құюға құлшынып отырғанын атап өтті. Оның ішінде Көкшетау қаласын сумен жабдықтау жобасын пилоттық жоба ретінде жүзеге асырылу қарастырылған. Бұл жоба да дәл қазіргі кезде пысықталу үстінде.
null 

Еске сала кетейік, «Көкшетау су арнасы» коммуналдық кәсіпорыны 2016-2020 жылдарға арналған ұзақ мерзімдік инвестициялық жобасын жүзеге асыруда. Жоба шеңберінде 2016 жылы сумен қамтамасыз ету және су ағызу бойынша 102,8 миллион теңгенің инвестициялық шаралары орындалды. Оның ішінде 12,1 шақырым кварталішілік су құбырлары мен кәріз жүйелері ауыстырылды. Оған қоса, су тазалау стансасында кварц құмы салынған және металл конструкциясымен бірге 3 сүзгішке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Кәсіпорын Көкшетау қаласымен бірге, Краснояр және Станционный кенттері ауыз сумен қатамасыз етеді. Су көзі Көкшетау су құбыры және Шағалалы су қоймасы арқылы алынады. Сондықтан тұтынушыларды сапалы ауыз сумен қамтамсыз ету мақсатында Шағалалы су қоймасынан алынатын су сүзгіш стансасында тазартылады. Оған қоса, Капцевич көшесінің бойындағы су құбыры жаңартылды, Воровский көшесінің бойына су құбыры тартылды. Нәтижесінде 48 және 19 жаңа абоненттер бір орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесіне қосылды. Сондай-ақ, инвестициялық бағдарлама шеңберінде кәріз жүйесінің тозығы жеткен учаскелердегі құбырлар ауыстырылып, жаңа сорғыштар орнатылды. Жалпы, «Көкшетау су арнасы» коммуналдық кәсіпорынының меншігінде 310 шақырым су құбыры болса, осы күнге дейін оның 120 шақырымы ауыстырылған. Кәсіпорын 2000 заңды, 57000 жеке тұлғаға қызмет көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар