«Көкшетау» стансасының басшысы 600 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысы бойынша жемқорлыққа қарсы қызмет «Көкшетау» стансасының басшысын әшкереледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахиннің айтуынша, «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ Ақмола жүк тасымалдары бөлімшесіне қарасты «Көкшетау» стансасының басшысы Молдақов жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің біріне «қамқоршылық» жасап, қол астындағылардан 600 мың теңге көлемінде пара алды деп күдікке ілінді.

Компания теміржол қатынас жолдарын жөндеумен айналысады.

Қазіргі уақытта Жахиннің айтуынша, қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар