Көкшетау соттарында фронт-офис ашылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау соттарында «Үлгілі сот» жобасын іске асыру мақсатында фронт-офис ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, фронт-офистің ашылуына Ақмола облысы әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысов, Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров, Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Смаилов және құқық қорғау құрылымдарының басшылары, сот жүйесінің ардагерлері, судьялар, сот қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Азаматтарға арналған офистің ашылуымен Ақмола облысы әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысов құттықтап, фронт-офистің азаматтарға ыңғайлы және қызмет көрсетуде мәні зор екенін айтып, сот ұжымына сәттілік пен табыс тіледі.

Ақмола облыстық соты төрағасы Досжан Әміров сот ұжымын жобаның ашылуымен құттықтап, азаматтарға қолайлы және пайдалы қызмет атқаруда жұмыстарына табыс тіледі. «Үлгілі сот» жобасы аясында құрылған фронт-офис азаматтарға ұсынылатын сот қызметтері мен сервистерінің сапасын арттырып, сот жұмысын оңтайлы ұйымдастыруға мүмкіндік беретінін және сотқа жүгінген азаматтарға қолайлы жағдай туғызатынын атап өтті.

Фронт-офисте ыңғайлы болу үшін сотқа келушілерге барлық жағдайлар жасалған. Ол қажетті кеңсе жабдықтарымен жабдықталған, мұнда сотқа өтініштерді ресімдеу және беру тәртібі, сот өндірісіндегі істер мен материалдардың қозғалысы мен оларды қарау барысы, сот отырыстарын өткізу уақыты, кіріс хат-хабарлар мен өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы туралы мәліметтерді ұсыну бойынша қызмет көрсететін ақпараттық орталық орналасқан.

«Сот жүйесін жаңғырту негізінде оның қол жетімділігін қамтамасыз ету және азаматтарға нәтижелі болу мақсатында, республика соттарының әрекеттері белсенді жетілдіруде, сот өндірісіне жана технологиялар енгізулуде. Халықпен жұмыс жасаудың жаңа форматын енгізу халықтың сот жұмысына деген сенім деңгейін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді» - дейді сот төрағасы.

Соңғы жаңалықтар