Көкшетау полицейлері əкімшілік хаттаманы онлайн түрде толтыруда

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Көкшетау полицейлері 10 күннің ішінде онлайн түрде 195 əкімшілік хаттама толтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың 11 қаңтарынан бастап, Көкшетау қаласының жол-патрульдік полициясы батальонының қызметкерлері облыс орталығы көшелерінде орын алған жол-көлік оқиғасына байланысты хаттаманы онлайн режимде толтыруда қолға алды.

Осы мақсатта полицейлер 10 планшетпен қамтамасыз етілді. Бұрындары 1 хаттаманы толтыру үшін 30-40 минут уақыт жұмсаса, электрондыны айналасы 5 минутта рəсімдейді. Осының арқасында полицейлердің жұмысы біраз жеңілдеді. Бар-жоғы 10 күннің ішінде онлайн режимде электронды 195 əкімшілік хаттама толтырылды.

«Ереже бұзушылықты анықтаған кезде полицейлер жүргізуші туралы мәліметтерді планшетте орнатылған «Бақылау» автоматтандырылған ақпараттық-іздеу жүйесі базасына енгізеді. Онда жүргізушінің осыған дейін жол қозғалысы ережесін бұзған бұзбағанын жəне автокөлік туралы мəліметтерді анықтай алады», - деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, осы күні Ақмола облысының ІІД жол-патрульдік полиция қызметкерлері қазіргі замаңғы ақпараттық технологияларды күнделікті жұмысында ойдағыдай қолдануда. Оның ішінде интеллектуалды бейнебақылау камерасы, бейнерегистратор, планшеттермен жабдықталғанын айта кеткен жөн. Оған қоса,  жаңа жылдан бастап қылмыстық істер қылмыстық форматта жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар