Көкшетау полицейлері 80 жасқа толған ішкі істер органдарының ардагерін мерейтойымен құттықтады
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау полицейлері ішкі істер органдарының ардагері, отставкадағы милиция подполковнигі Жəнібек Тілеубердинді 80 жас мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
Ақмола облыстық ІІД басшысы, полиция полковнигі Ержан Сəденов, ІІД ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы милиция подполковнигі
Дəуітбек Нұрғалиев жəне ІІД басшысының кадр жұмысы бойынша орынбасары, полиция полковнигі Бейбіт Əділханов ішкі істер органдарының ардагері Жəнібек Тілеубердинді үйіне барып, 80 жас мерейтойымен құттықтады.
Жəнібек Қазыбекұлы ішкі істер органдарында 25 жылдан астам уақыт қызмет істеді. Оның барлығы дерлік тергеу бөлімшесінде өтті. Өз қызметіне адал ардагер полицей көптеген марапаттарға ие болып, ондаған шәкірт тəрбиеледі. Бүгіндері шəкіттері ішкі істер органдарында абыройлы қызмет атқаруда. Қария зейнеткерлікке шыққаннан кейін де қол қусырып отырған жоқ, ұзақ уақыт жас тəртіп сақшыларына өз тəжірибесімен бөлісіп, əдістемелік көмегін аямады.
«...Биыл еліміз Тəуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтуде. Жас мемлекеттің аяғынан нық тұруына ардагерлердің қосқан үлесі зор. Соның бірі ретінде еліміздің полициясының қалыптасуына елеулі үлес қосқан Жəнібек Қазыбекұлының еңбегі ерекше...», дей келе Ержан Сəденов, ардагер əріптесіне Құрмет грамотасы, Алғыс хат жəне бағалы сыйлықты табыс етті.
- Президент ҚР ІІМ және ҚР ҰҚК-нің қаза тапқан қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады
- Жаппай тәртіпсіздік: Жамбыл облысында 84 адам әкімшілік қамауға алынды
- Ақмола облысында сұйытылған газ 70-75 теңгеден сатылып жатыр
- Ақмола облысында жағдай тұрақты
-
ІІМ: Қылмыскерлер полиция мен әскерилердің киімін киіп заңсыздықтар жасады
-
Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде 16 полиция қызметкері көз жұмды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам




