Көкшетау полицейлері 50 мың доллар алды деген күдікке ілінді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Көкшетау қаласы полиция басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты басқа органның іс жүргізуінде жатқан қылмыстық істі тоқтатқаны үшін кәсіпкерден 50 мың АҚШ доллары сомасында ақша алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Антикордың мәліметінше, 8 шілде күні жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде ҚПК-тің 128-бабы тәртібімен Көкшетау қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары ұсталды.

«9 шілде күні Көкшетау қаласының тергеу соты күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу мүддесіне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - деп жазды ведомство.

Соңғы жаңалықтар