Көкшетау мен Павлодарда түстен кейін оқитын оқушылар мектепке бармайды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның екі өңірінде екінші ауысым оқушылары үйден оқиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көкшетау қаласында секундына 19 метр жылдамдықпен соғып тұрған қатты желге байланысты 0-11 сынып оқушылары мектепке бармайды.

Сондай-ақ Павлодар қаласында да екінші ауысымдағы мектепке даярлық тобының және 1-4 сыныптың оқушылары қашықтан білім алады.

Қазір Павлодарда ауа температурасы -27 градус шамасында.

Еске сала кетейік, бүгін таңертең Астанада да бастауыш сынып оқушылары сабақты онлайн оқыды.

Түстен кейін ауа райының жылынуына байланысты елордалық оқушыларға мектепке баруға рұқсат берілді.


Соңғы жаңалықтар