08:11, 27 Ақпан 2020 | GMT +6
Көкшетау мен Қостанайда ауа райына байланысты оқушыларға сабақ болмайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тағы екі қалада сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Көкшетау қалалық білім бөлімінің мәліметінше, бүгін бірінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары мектепке бармайды.
Сондай-ақ, Қостанай қаласында да жылдамдығы секундына - 16-18, екпіні - 25 метрге жететін күшті жел тұрып, айнала анық көрінбей қалды. Осыған байланысты қалалық білім басқармасы 0-7 сынып оқушыларына сабақ болмайтынын хабарлады.
Ал екінші ауысымда оқитын оқушыларға сабақ болатын-болмайтыны кейінірек хабарланады.