Көкшетау мемлекеттік университетіне жаңа ректор тағайындалды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Марат Сырлыбаев Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Марат Қадырұлы 1963 жылы туған. С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік академиясының жанындағы нарық институтын және Қазақ ұлттық аграрлық институтын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

1985-2011 жылдары аралығында оқытушылық жұмыста, мемлекеттік органдар мен жоғары оқу орындарының басшылық қызметтерінде болды.

Осы тағайындауға дейін Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінің қаржылық-шаруашылық мәселелері жөніндегі проректоры болып істеді.

Соңғы жаңалықтар