Көкшетау мектебінде жарылғыш затқа ұқсас зат табылды
«24 мамыр күні Көкшетау қаласындағы білім ордасының бөлмесінде сымдары бар қаңылтыр банка табылды. Осыған байланысты полиция қызметкерлері аталмыш аумақты қоршап, адамдарды эвакуациялады. Жару-техник мамандары табылған құрылғыны зерттеді. Азаматтардың қауіпсіздігі мақсатында бекітілген іс-қимыл алгоритміне сәйкес, оны сол жерде жою туралы шешім қабылданды. Қажетті қауіпсіздік шаралары сақтала отырып, жарылыс жасалды», - деп түсіндірді ҚазАқпарат тілшісінің сауалына Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Ведомстводан атап өткендей, қазіргі уақытта оқиға орнында Полиция департаментінің жедел - тергеу тобы және жарылғыш заттармен жұмыс істейтін техник мамандар қажетті шаралар атқаруда.
«Толығырақ мәліметтерді кейін қосымша хабарлайтын боламыз. Азаматтарға дүрбелеңге салынбауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз», - деп толықтырды ведомстводан.