+7 (701) 759 90 19
USD 430.51 EUR 505.72
RUB 5.51 CNY 64.14
Jańalyqtar

Көкшетау маңындағы жол апаты 2 адамның өмірін қиып кетті

2020 жылғы 1 қазан 00:33
Бөлісіңіз:
Көкшетау маңындағы жол апаты 2 адамның өмірін қиып кетті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетау қаласының маңында жол апаты орын алып, 2 адам көз жұмды, тағы 2 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысында жол апатына ұшыраған көлік өртеніп, екі адам қаза тапты Павлодарда жеңіл көлік жаяу жүргіншілер жолында екі жасөспірімді қағып кетті БҚО-да көлік апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Ақмола облыстық ПД мәліметінше, жол апаты 2020 жылғы қыркүйектің 30-да сағат 16:44 шамасында «Нұр-Сұлтан – Петропавл» тас жолының Көкшетау қаласынан жетінші шақырым тұсында орын алған.
«Анықталғандай, Петропавл қаласына бағыт алған «ВАЗ-2106» жеңіл көлігінің жүргізушісі жолдың шетінде тұрған «Foton» көлігіне соғылған. Соңғысының жүргізушісі көліктің дөңгелегін ауыстырып жатқан. Жол апатынан жеңіл көліктің екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Ал, жүргізушісі мен тағы бір жолаушы түрлі дене жарақатымен Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасына жеткізілді», - дейді ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазіргі кезде жол апатына байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT