Көкшетау қаласының әкімі тағайындалды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің өкімімен Көкшетау қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында Жомарт Нұрғалиев Көкшетау қаласының әкімі болып тағайындалды.

Жомарт Мирасұлы Нұрғалиев 1958 жылы туған, қазақ, білімі жоғары, 1981 жылы Қостанай педагогика институтын тарих және қоғамтану мамандығы бойынша бітірген.

Қостанай облысының комсомол, партия және мемлекеттік органдарында әр түрлі басшылық қызметте істеді. 2012 жылғы 13 ақпаннан бастап бүгінгі күнге дейін Қостанай облысы Әулиекөл ауданының әкімі қызметін істеді.

«Құрмет» ордені, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медальдармен марапталған.

Соңғы жаңалықтар