Көкшетау қаласының әкімі өз еркімен қызметінен кетті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Көкшетау қаласының әкімі Жарқын Жұмағұлов өз еркімен қызметінен кетті. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметкері Динара Жакеева мәлім етті.

Оның айтуынша, Ж.Жұмағұлов қызметтен өз еркімен кететіні жөнінде бүгін өзі хабарлаған. Сонымен қатар ол әкімдіктегі әріптестерімен де қоштасып үлгерген.

Әзірге жаңа әкім ретінде кім тағайындалатыны белгісіз. Еске сала кетсек, Жарқын Жұмағұлов өткен жылдың 31 тамызында Көкшетау қалалық мәслихатының XIX кезекті сессиясында облыстың бұрынғы әкімі Қосман Айтмұхаметовтің өкімімен Көкшетау қаласының әкімі болып тағайындалған болатын.

Соңғы жаңалықтар