Көкшетау қаласында баскетболдан әйелдер арасында «А» дивизионы бойынша ҚР Чемпионатының кезекті ойындары өтуде

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін жергілікті Көкшетаудың «Оқжетпес» командасы Астананың «Тигрына» қарымта ойын өткізді. Алма-кезек шабуылмен өткен кездесуде астаналық қыздардың бағы басым болды.

Әсіресе, тартысты ойынның алғашқы кезеңдерінде жақсы ойын өрнегін көрсеткен көкшетаулықтар соңғы сәтте қарсыластарына есе жіберіп алды. Нәтижесінде кездесу қорытындысы 52:61 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді. Осылайша, алаң иелері ойламаған жерде қарымта ойында ұпай жоғалтып алды.

Еске сала кетсек, кеше «Оқжетпес» пен «Тигр» Көкшетауда алғашқы кездесуін өткізген болатын. Онда алаң иелері қонақтарға дес бермей, 82:78 есебімен басым түсті. Бүгін қонақтар сол жіберген есені қайтарып алды.

Енді, турнир кестесіне сәйкес наурыздың 29 және 30 күндері «Оқжетпес» өз алаңында Павлодардың «Ертісіне» қарсы қос ойын өткізбек.

Соңғы жаңалықтар