Көкшетау қаласы әкімдігінің тапқырлығымен орнатылған «өнер туындысы» - ФОТО

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Әлемде талай қызық бар ғой. Әсіресе, түрлі үлгіде салынған сәулет ескерткіштері мен ғимараттар көрген адамның көзінің жауын алып, таң қалдырып жатады. Бұдан біздің елімізде кенде емес. Көкшетау қаласы әкімдігінің тапқырлығымен орнатылған "өнер туындысы" осыған айқын дәлел.

Бүгін соның суретін ұсынып отырмыз. Мұны дүниежүзін шарлап жүріп, автобус аялдамаларын суретке түсірумен шұғылданатын Канадалық кәсіби фотограф Кристофер Хервигтің жеке фотогалереясынан алынған сурет деп қалмаңыз, бұл ҚазАқпарат тілшісі түсірген Көкшетау қаласындағы Жайлау шағын ауданында орнатылған аялдамалардың бірі. Мұнда 10-15 минутта келетін автобусыңды осынау аялдаманы тамашалап сағаттап күтуге болады.

Алайда, осыдан бірнеше күн бұрын аталған аялдама, не себеп болғаны белгісіз, төңкеріліп түскен болатын. Содан араға біраз уақыт өтсе де, жығылған аялдаманы аяғынан тік қоятын жауапты мекеме де табылмады. Шамасы, аялдаманы қалай жатыр солай қалдыратын сияқты.

Соңғы жаңалықтар