Көкшетау іргесіндегі өндірістік цех ғимараты өртке оранды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласынан 20 шақырым жердегі Станционный кенті (Көкшетау-2) аумағындағы «Кокше Эко тара» ЖШС-нің бір қабатты ғимараты өртке оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

20 мамыр күні сағат 20:06 шамасында Көкшетау қаласынан 20 шақырым жердегі Станционный кенті (Көкшетау-2) аумағындағы «Көкше Эко тара» ЖШС-нің бір қабатты ғимаратының (картон қорап шығаратын өндірістік цехы) шатырынан өрт шықты.


Алдын ала мəліметтер бойынша өрт 250 шаршы метр аумақты шарпыды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда.


"Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 25 қызметкері мен 6 арнайы өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды", деп көрсетілген Иманқұловтың хабарламасында.


Еске сала кетейік, сонымен қатар, бүгін  сағат 12:35-те Көкшетау қаласының Әбілқасымов көшесі, 95 «А» мекенжайында орналасқан екі қабатты «Триумф» сауда үйінің шатыры мен қабырғасының сыртқы қаптамасы өртке оранған болатын. ТЖК дерегі бойынша жалын 13:05-те ауыздықталып, 13:22-де толықтай сөндірілді. 

Соңғы жаңалықтар