Көкшетау халқы Денис Теннің құрметіне шырақ жағып, гүл шоқтарын қойды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаулықтар қаланың орталық алаңында  қыршын кеткен қысқы олимпиада ойындарының жүлдегері Денис Тенді бір минут үнсіздікпен еске алып, портретіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шараға барлығы мыңға жуық көкшетаулық пен қала қонақтары қатысты. Жиналғандар танымал спортшы портретінің алдына шырақ тұтатып, еске алу рәсімін жасады. Олардың арасында ересектер мен балалар да болды. Жұртшылық Денистің жарқын бейнесін еске алып, көз жасына ерік берді.

"Үнемі жарқырап жүретін Денистің жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мəңгі сақталады. Ол біз үшін отандық спорттағы мәнерлеп сырғанаудан ең үздік спортшы. Байрақты жарыстарда ел мәртебесін асқақтатқан оның қазасы қазақстандықтар үшін ауыр тиіп отыр", - деп еске алды көкшетаулықтар.

Айта кету керек, осыған дейін хабарлағанымыздай қазақстандық мәнерлеп сырғанаудың хас шебері Денис Тен 19 шілде күні пышақ жарақатынан қаза тапқан болатын. Оқиға Алматының Құрманғазы жəне Байсейітова көшелерінің қиылысында, сол күні сағат 15:00 шамасында орын алған. 

Соңғы жаңалықтар