Көкшетау емханасы флюорограф, рентген-аппарат және ЛОР-комбайнымен жабдықталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау емханасы флюорограф, рентген-аппарат және ЛОР-комбайн тәрізді жаңа жабдықтармен толықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық денсаулық басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, отандық «Жеңіс» цифрлы флюорограф, рентген-аппарат бұрынғы 2002 жылғы аппараттың тозуына байланысты сатып алынған.
«Жаңа жабдық бас сүйегі мен кеуде клеткасы органдары ауруын ренгент, флюорография арқылы анықтауды жеңілдетеді. Флюорографиялық зерттеу бұрын 10 минут болса, енді 3 минутта қолайлы әрі зиянсыз жүзеге асыруға болады. Аппарат кабинасы бейнебақылау камерасымен жабдықталған, бұл ренгент зертханашыға жұмыс орнында отырып бақылап, басқаруға мүмкіндік береді», - дейді бөлім меңгерушісі Әлия Нығметова.
Сонымен қатар, Қазақстанда шығарылған «АРТДИАГНОСТ-8» ренгент диагностикалық кешені сатып алынды.
«Оның бұрынғысын әріптесім 25 жыл (1993 жылдан бастап) қолданды. Заманауи үлгідегі жаңа аппарат диагностиканың көптеген түрін жүргізуге мүмкіндік береді. Көпфункциональды, ыңғайлы және қуатты ренгент диагностикалық кешенді автоматты түрде басқаруға болады. Компьютерлік өңдеу сурет бейнесін жақсартады, соның нәтижесінде ұсақ өзгерістер анықталып, патология құрылымы бағаланады», - дейді Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Фатима Россолова.
Егер флюорограф, рентген-аппарат ескі үлгісі емханада бұрыннан болса, ЛОР-комбайн тұңғыш рет жеткізіліп отыр.
«ЛОР-комбайны арқылы тамақ, мұрын және құлақ ауруларын ерте анықтап, дер кезінде емдеуге болады», - деп өзінің пікірімен бөлісті көпжылдық тәжірибесі бар лор дәрігері Қанат Есенғожин.
Аппарат адамның денесіне ыңғайлы болуы үшін суды автоматты түрде 36,6 градус температураға дейін жылытады. Енді облыс тұрғындары оның игілігін көретін болады.
- Ақмолада боранда адасып кеткен малшы табылды, тағы 4 адам іздестіріліп жатыр
- Ақмолада боранды күні шөпке кеткен 3 тракторшы табылмай жатыр
- Елорда маңындағы бірқатар жолдар ашылды
- Ақмола облысында боранда жолда қалған 100-ге жуық адам құтқарылды
-
Міндетті медициналық сақтандыру бойынша дәрігерлер тест тапсырады
-
Жамбыл облысы медициналық нысандармен 100% қамтылған
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам