+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

«Көкшетау-Атбасар» тас жолында жол апатынан 3 адам көз жұмды

2021 жылғы 7 сәуір 19:15
Бөлісіңіз:
«Көкшетау-Атбасар» тас жолында жол апатынан 3 адам көз жұмды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының «Көкшетау-Атбасар» тас жолында бірнеше көлік соқтығысты. Жол апатынан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Петропавлда 7 жасар баланы жүк көлігі қағып кетті Көлік комитеті «Semey Bus» ЖШС мәселесі туралы пікір білдірді Көлік комитеті елордалық автобустардағы SMS-төлемнің алынуына пікір білдірді

Ведомствоның мәліметінше, жол апаты бүгін сағат 13:59-да болды. Бұл туралы сағат 14:10 Атбасар аудандық полицияның кезекшілік бөліміне хабар түсті.

«Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары «Ваз2110», «ГАЗель» және «Фольксваген Гольф» көліктерінің соғылғанын анықтады. Соқыдан «ГАЗель» көлігінің газбаллон құрылғысы жарылды. Жол-көлік оқиғасынан «Фольксваген Гольф» көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Бұдан бөлек, «ГАЗель» көлігінің жолаушысы түрлі дене жарақатымен Атбасар аудандық ауруханасына жеткізілді», - деді ведомстводан.

Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345 бабының 4 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, сәуірдің 6-ы күні түнгі сағат 22:00 шамасында Көкшетау қаласында үш көлік соқтығысып, 42 жастағы әйел көз жұмған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT