«Көкшетау-Астана» күре жолының бойында екі көлік соқтығысып, бір адам мерт болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы аумағында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлады аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен.

ТЖД мәліметі бойынша келеңсіз жағдай Еңбекшілдер ауданы арқылы өтетін "Көкшетау-Астана" күре жолының 214 шақырымында, яғни, «Синойл» жанар-жағармай бекетінің маңында орын алған. Қатты жылдамдықпен келе жатқан «Тойота Карина» және «Киа Саренто» көліктері өзара соқтығысқан. Салдарынан «Тойота Карина» көлігінің 76 жасар жүргізушісі сол жерде көз жұмды. Ал «Киа Саренто» көлігінің ішінде отырған жолаушылар 1959 жылғы Т.Майлина, 1974 жылғы Ж.Нұралина және 2007 жылғы А.Нұралин түрлі дене жарақатымен Астана қаласына жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар