Көкшеліктер Наурыз мейрамын қала орталығындағы Абылай хан мен Тәуелсіздік алаңында атап өтуде (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Наурыз мейрамы кеңінен аталып өтілуде.

Арқаның ақ таңымен ілесіп, Наурыз мейрамын тойлауға ақмолалықтар облыс орталығындағы Абылай хан мен Тәуелсіздік алаңына ағылды. "Мереке құтты болсын! Елімізге құт- береке дарысын!", деп ақжарма тілектерін арнаған қала тұрғындары мен меймандары күн райының желді болуына қарамастан алаңға жиналды. Салтанатты шараға қатысқан өңір басшысы Қосман Айтмұхаметов құттықтау сөз сөйлеп, жиналған халыққа жүрекжарды тілегін арнады.

"Наурыз біз үшін мән-маңызы ерекше мейрам. Ата-бабаларымыз қандай қиын кезеңде де өздерінің жақсы үміттерін осы мезгілмен байланыстырған. Себебі, бұл атаулы күн адамзатқа, жалпы тіршілік иелеріне күш-қуат беретін қайнар бұлақ секілді. Барлығыңызға да мереке құтты болсын! Ырыс пен игіліктер молынан болсын!" - деді өңір басшысы өз сөзінде.

Соңғы жаңалықтар