Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.90 EUR 422.74
RUB 5.87 CNY 54.80
Jańalyqtar

Көкпардың халықаралық ережесі бекітілді

2019 жылғы 14 ақпан 17:09 1177
Бөлісіңіз:
Көкпардың халықаралық ережесі бекітілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада әлемнің 10 елінің Ұлттық спорт федерация басшыларының қатысуымен Бүкіләлемдік көкпар қауымдастығының кеңесінде көкпардың халықаралық ережесі бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Көкпардың халықаралық ережесі жайлы ҚазАқпарат тілшісіне ҚР «Көкпар» федерациясының президенті Мұхтархан Ділдәбеков айтып берді.

«Бүгін көкпардың халықаралық ережесі бекітілді. Басқа елден келген ұлттық федерациялардың бәрімен көкпардың ережесін талқылап, мақұлдап, бәрі де бір ауыздан қолдап отыр. Құжатқа қол қойылды», - деді Мұхтархан Ділдәбеков.

«Көкпар» федерациясының президенті сондай-ақ, көкпар ережелері туралы толығырақ айтып берді.

«Өзіңіз білетіндей, 15-20 жылдан бері қазандықпен көкпар ойнап жүрген болатынбыз. Жаңа ереже бойынша қазандық алынып тасталды, оның орнына шеңбер қойылады. Сонымен бірге, көкпаршылар тірі серкемен ойнап шауып жүрген. Халықаралық жан-жануарлар әлемін қорғау ұйымдарының қағидаларына қайшы келмес үшін муляжбен ойнайтын боламыз. Көкпар ойнайтын алаңның ұзындығы - 200-220 метр, ені 65-70 метр болып бекітіліп отыр. Көкпарды жасөспірімдер, жастар және ересектер ойнайды. Сол себепті, жас санатына қарай алаңның да ұзындығы әртүрлі болады», - деді ол.

Мұхтархан Ділдәбековтың айтуына қарағанда, көкпарды ойнау уақыты бұрынғыша 20 минуттан екі тайм күйінде қалады.

Еске сала кетсек, Астанада әлемнің 10 елінің Ұлттық спорт федерация басшыларының қатысуымен Бүкіләлемдік көкпар қауымдастығының кеңесі өткен болатын. Кеңесте қауымдастыққа жаңа мүшелер қабылданып, халықаралық жарыстарды ұйымдастыру тәртібі қаралды. Жиында көкпардың халықаралық ережелері талқыланды. Кеңеске Қазақстан, Мажарстан, Түркия, Қытай, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Моңғолия, Қырғыз Республикасы, Ресей ұлттық федерациясының өкілдері қатысты.

Көкпардың халықаралық ережесіне хаттама негізінде жоғарыда аталған 10 елдің ұлттық федерация басшылары қол қойды.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
MURAǴAT