Көкпардан І Азия чемпионатының жеребесі тартылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматыда ұлттық спорттан Жастар арасындағы І Азия чемпионатының алғашқы жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық спорт қауымдыстығының баспасөз қызметі мәлім еткендей, Алматыда жарыс алдындағы мандат комиссиясы отырысының шешімімен алғашқы ретте көкпар командалары арасындағы кездесулер бойынша жеребе тартылып, қарсылас командалар анықталды.
null

null

ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының атқарушы директоры Рахат Жақсыбай, І Азия чемпионатының бас төрешісі, ҚР Ұлттық құрама командалар жаттықтырушысы Қуанышбек Құрамаев, Қауымдастықтың бас хатшысы Нұрсұлтан Ибрагимов мандат комиссиясы отырысында қатысушы командаларға жалпы ойын ережелері туралы, чемпионат барысында команда жетекшілері мен спортшылардың ескеруі тиіс мәселелерді айтып өтті.

Жастар арасындағы чемпионатта халықаралық ережеге сәйкес серке-муляждың салмағы 25 келі мен 30 келі аралығында болады.
null

Тұңғыш чемпионатта көкпар спорты бойынша 7 команда бақ сынайды. Атап айтқанда, Қазақстан, Қытай, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Монғолия және Ауғанстан спортшылары І Азия чемпионатының жүлделерін сарапқа салады.
null null null null

Командалар А және Б тобына бөлінді. Жеребе бойынша А тобында Моңғолия, Тәжікстан, Қытай, Ресей командалары, ал, Б тобында Қазақстан, Өзбекстан, Ауғанстан командалары ойнайды.

Бүгін алауы тұтанатын тұңғыш Азия чемпионатының алғашқы бәсекесі Моңғолия мен Тәжікстан, екінші бәсекесі Қытай мен Ресей командаларының арасында өтеді. Үшінші кездесуге Қазақстан мен Өзбекстан командалары шығады.

Жастар арасындағы І Азия чемпионатының салтанатты ашылуы 12:30-да басталады.

Айта кетейік, аталмыш чемпионатқа Қазақстан, Ресей, Қытай, Венгрия, Монғолия, Малайзия, Түркия, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Қырғызстан секілді жалпы жиыны 11 мемлекеттің ең үздік спортшы жастар командалары көкпар, аударыспақ, теңге ілу және жамбы ату спортынан бақ сынайды.

Соңғы жаңалықтар