Көкөніс импортына қатысты 4 мемлекетпен келіссөз жүргізілді – Серік Жұманғарин

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ірі сауда желілері азық-түлік бағасын тұрақтандыру жұмысына қатысады. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мемлекет басшысы бағаны тұрақтандыру құралдарын қайта форматтау міндеттеді. Үкімет деңгейінде барлық қажетті әдіснамалық және құқықтық жұмыстар атқарылғанын тағы да атап өткім келеді. Біріншіден, өндірушілерге тікелей қарыз беру бойынша тәсіл қайта форматталды. Қазіргі уақытта қант зауыттары үшін шикізат қаржыландырылды», - деді ол. Министрдің айтуынша, екіншіден, тұрақтандыру қорларын қалыптастыру тетігі өзгертілді. Сатып алу егін жинау, яғни бағалар арзан кезінде, жүзеге асырылады. Ал тұрақтандыру қорларынан өнімдерді сату маусымаралық кезеңде ұйымдастырылады. «Үшіншіден, форвардтық сатып алу тетігі өндірушілерден өнімді сату сәтіне дейін сақтаумен келісімшарт жасауға мүмкіндік береді. Бұл 2023 жылдың астықтығын 2024 жылғы сәуір айына дейін қолдануға мүмкіндік береді. Сатып алудың форвардтық әдісі 8 өңірде іске асырылуда. Сонымен қатар, ішкі нарықты ерте импорттық көкөніс өнімдерімен молықтыру үшін Пәкістан, Тәжікстан, Өзбекстан және Иран бизнес қауымдастығымен және Қазақстан өңірлерімен В2В кездесулер ұйымдастырылды. Сауда желілері 9 200 тонна көлемінде көкөніс жеткізуді пысықтады. Өзбекстаннан өнім жеткізу бойынша жасыл дәліз ұйымдастырылды», - деді министр.

Осы ретте Серік Жұманғарин республиканың барлық ірі сауда желілері бағаны тұрақтандыру жөніндегі жұмысқа қатысатынын атап өтті.

«Жергілікті атқарушы органдар бағаның маусымдық ауытқуын болдырмау үшін импорттық көкөністерді жеткізуге өңірлік сауда желілерімен уақтылы келісімшарт жасауды қамтамасыз етуі қажет», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар