+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

Көкірекбаев Таразда дауылдан зардап шеккендер туралы айтып берді

2017 жылғы 30 мамыр 11:13
Бөлісіңіз:
Көкірекбаев Таразда дауылдан зардап шеккендер туралы айтып берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында болған екпінді дауылдың салдарынан үш адам көз жұмып, тағы үшеуі жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрылыс алаңында төбеден шатырды ұшырып әкетті, құрылысшылар - 1994 жылы туған Бексейітов пен 1963 жылғы Нұржанов оқиға орнында қаза тапты. 14 жастағы 8-сынып оқушысы Бекзат Үмбеталиев үзілген сымды басып кетіп, тоқ соқты. Сол кезде 1986 жылы туған Хамитқызы мен 1956 жылғы Бексұлтанованы жеке тұрғын үйдің қоршауы құлап кеткен. Екеуі де ауруханаға жатқызылды. 2006 жылы туған Орынбасарға ағаш құлады. Ол да ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ ағаштар құлап электр сымдарын үзді және газ құбырларын қиратты», - деді Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев ҚР Үкіметінің отырысында.

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев қаланың қызметін толық қалпына келтіруді, зардап шеккендерге қажетті көмекті көрсетуді және жасалып жатқан жұмыстар мен нәтижелер туралы әрдайым ақпараттандырып отыруды тапсырды.

Еске сала кетейік, 29 мамыр күні Таразда жойқын дауылдың екпіні 30 м/с жылдамдыққа дейін жеткен болатын. Әкімнің сөзі бойынша, облыста әкімнің бірінші орынбасары төрағалық ететін арнайы комиссия құрылған. Таңға жақын апат салдарларын жою қызметі электр энергиясымен қамтамасыз ету жұмысын толығымен қалпына келтірді. Құлаған ағаштар мен қоқыстарды жинау жұмысы жүргізілуде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT