«Көк-Жайлау» жобасы қоғам талқысына қашан түседі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда даулы мәселелердің бірі - «Көк-Жайлау» курортының құрылысына қатысты қоғамдық талқылау өтетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Туризм және сыртқы байланыс басқармасынан хабарлағандай, 19 қазанда «Көк-Жайлау» курортының құрылысына қатысты қалың көпшілік, қала азаматтары мен тұрғындарының ой-пікірі тыңдалатын болды. 

Тыңдалымда тау курорты нысанының техникалық-экономикалық негіздемесінің қоршаған ортаға ықпалы бағаланады. Талқылауға «Almaty Mountain Resorts» ЖШС мен «ГеоДата Плюс» ЖШС өкілдері қатысады.

Жиын таңғы сағат 10-да Алғабас-1 шағын ауданындағы 5-үйде өтеді. 

«Almaty Mountain Resorts» ЖШС басшысы Наиль Нұров аталған ақпаратты растады. Қоғамдық тыңдауға кез-келген азамат қатыса алады. 
Ол үшін алдын ала +7 708 123-08-71 нөміріне хабарласып жазылу керек.

«Қоғамдық тыңдаудың қорытындысы ретінде хаттама толтырылады. Оған қос тараптың ұсыныстары, мамандардың пікірі жазылады. Ол пікірлер сосын мемлекеттік сараптамаға жіберіледі. Осыны ескере отырып, «Көк-Жайлау» курорт кешенін салу керектігі немесе керек еместігі белгілі болады», - дейді Наиль Нұров. 

Жобаның құжаттамасы мына жерде жарияланған. Онымен кез-келген азамат таныса алады. 

Соңғы жаңалықтар