«Көк жайлау» курортының құрылысы қаржы тапшылығына байланысты тоқтатылды - Р.Алшанов

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Көк жайлау» курортының құрылысы қаржының тапшылығынан тоқтатылды. Бұл туралы Алматы қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы Рахман Алшанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, құрылыс жұмыстарын қала әкімі тоқтатқан.

«Алматы әкімі айтты: егер шетелден инвестор келсе, құрылыс бірден басталады. Ал, бюджетте ақша жоқ болуына байланысты  мұны тоқтаттық. Көптеген әлемдік орталықтардың тәсілімен құрылыс жұмыстарын табиғатқа зиян келмейтіндей етіп салуға болады. Осы уақытқа дейін аз жұмыс жасалған жоқ. Инфрақұрылымдық нысандар, жолдар салынды. Жарықтандыру жүргізілді», - деді  Р.Алшанов.

Қоғамдық кеңес төрағасы Көкжайлау курортының құрылысына байланысты кең көлемді қоғамдық тыңдау өткізетіндігін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар