Көк Түріктің ұрпағымын - Қанат Ислам туралы жаңа ролик

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBO NABO мен WBA Inter-Continental белбеулерінің иегері, қазақстандық боксшы Қанат Ислам өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа роликті жариялады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы жолғы видеода Ислам көк шапан жамылып тұр. Ал оның артында көк аспанға ұшқан қыран мен ел қорғаны болған ата-бабаларымыздың бейнесі шебер үйлестірілген. Қанат жұдырық сермеп, бокс тәсілдеріне кіріскенде арғы жағында әскери шайқастың көріністері шығады. Осылайша, авторлар «Қазақтың» жеңіске деген ұмтылысын сәтті шығарды.

Kanat "QAZAQ" Islam 🥊professional boxer🇰🇿 25-0 (20 KO's) #1wba #3wbo #3ibf #kanatislam @wbcboxing @goldenboyboxing @wbcmoro @rivalboxinggear @boxingnewsonline @nelsonspromotions @boxing_planet @rbrboxing @hboboxing @trboxing

Публикация от Қанат Ислам | Kanat Islam (@kanat_islam_team) Дек 2 2017 в 9:50 PST

Айта кетейік, жақында Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) Қанат Ислам (25-0, 20 КО) мен Джон Вера (18-0, 11 КО) арасында жекпе-жек өткізу туралы шешім шығарды. Себебі «Қазақ» WBA рейтингісінде бірінші орында, ал Вера екінші орында тұр. Осы айқастың жеңімпазы бірінші орта салмақтағы WBA Super атағының міндеті үміткері бола алады. Қазіргі кезде аталған титулдың иегері - Эрисланди Лара.

Соңғы жаңалықтар