«Көк Төбе» басшылығы: Аспалы жолдағы ұзын кезекке адамдар өздері кінәлі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат  - «Көк Төбе» паркінің басшылығы адамдардың ұзын-сонар кезегіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Келушілердің бірі Instagram желісінде жазба жариялаған. Бейнекадрда аспалы жолға кезекке тұрған адамдар өзара ұрсысып жатыр.

«Шынымен кезек болды. Бірақ, демалыс күндері ылғи осылай болатынын атап өту керек. Бұл жерде біздің кінәміз жоқ. Бұл керісінше, адамдардың тарапынан болады. Бір кабинкада 8 адам отыра алады. Әркім өзінің еріп келген адамдарымен отырғысы келеді. Мәселен 5 адам келген болса, олар қасына басқа адам отырғызғысы келмейді. Осының салдарынан адамдар есік алдында жиналып қалады», -деді Ғалия Қалилаева.

Сонымен қатар, парк басшылығы бұдан да көп туристер келген жағдайда мәселе оң шешімін тауып келгенін айтты.

«Қазір қоғамда бірнәрсе бола қалса, видеоға түсіру сәнге айналды. Неге бұл ақпаратты басынан бастап түсірмеген? Сонда бәрі түсінікті болар еді»,- деді Қалилаева.

Соңғы жаңалықтар