«Көк» мәртебелі алматылықтарға сауда орталықтарына кіруге тыйым салына ма

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Ashyq жүйесінде «көк» статусы бар адамдарға жұмыс пен демалыс күндері сауда орталықтарына кіруге тыйым салынуы мүмкін бе? Бұл сұраққа брифинг барысында Жандарбек Бекшин жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, Алматыда қазір сауда орындарына жұмыс күндері мәртебесі «жасыл» адамдар ғана кіреді деген талап жоқ.

Алайда қала дәрігерлері Нұр-Сұлтандағы эпидемиологиялық жағдайды бақылап отыр.

«Елордада осындай қаулы қабылданды. Бұл - көптен бері талқыланған жоба. Мұны пилоттық шешім деп айтамыз. Тиімділігін көрсетсе, әрине, еліміздің басқа аймақтарында да қолданылуы мүмкін. Бір аптадай бақылайтын боламыз, егер бұл ауруды азайтуға септігін тигізсе, онда басқа өңірлерде мәселе қаралатын шығар деп олаймын», – деді Жандарбек Бекшин.


Соңғы жаңалықтар