Көк байрақ, Елтаңба мен Әнұран әр қазақстандықтың отаншылдық рухын асқақтатады - Президент

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын! Бұл – еліміз үшін айрықша маңызды мейрам. Көк байрақ, Елтаңба мен Әнұран әрбір қазақстандықтың жүрегіне мақтаныш ұялатып, отаншылдық рухын асқақтатады. Тәуелсіздіктің қасиетті нышандары ұлтты ұлы істерге ұйыстыра берсін!» деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан халқы мемлекеттік рәміздер күнін атап өтіп жатыр.




Соңғы жаңалықтар