+7 (701) 759 90 19
USD 439.01 EUR 474.61
RUB 5.75 CNY 61.91
Jańalyqtar

Қоғамның әралуандығы кедергі емес, ол басымдық ретінде қаралуы керек – сарапшы

2020 жылғы 13 ақпан 18:09
Бөлісіңіз:
Қоғамның әралуандығы кедергі емес, ол басымдық ретінде қаралуы керек – сарапшы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық сстратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) ғылыми қызметкері Жасұланбек Майлыбай Қордай оқиғасы жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қордай оқиғасы бойынша 25 адам ұсталды - Бас прокуратура Динагүл Баешева коронавируспен күрес жөнінде: Халықтың өзінің сақтануына көп нәрсе байланысты Nur Otan Қордай ауданының әлеуметтік мәселесін бақылауға алды

«ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Қордайдағы оқиғаға байланысты ел халқына Үндеу жолдады. Ел ішіндегі татулық қоғамдық тұрақтылық пен экономикалық өсімнің алғышарты бола алады. Тиісінше, мемлекеттің инвестициялық тартымдылығы арта түседі. Сондықтан, қоғамның әралуандығы кедергі емес, басымдық ретінде қаралуы керек. Себебі мәдени әралуандылық елдің дамуына, толеранттылыққа, жаңа білімді меңгеруге, бәсекеге қабілетті болуға көмектеседі. Осы жиында өзара түсіністік пен жауапкершілік сезімінің жоғары болуы ортақ отанымыздың көркеюіне жол ашатынын Елбасы тағы еске салды», - деді сарапшы.

Оның айтуынша, Қазақстан – этносаралық құрмет пен түсіністіктің тағылымды тарихы, озық дәстүрі сақталған мемлекет. Мұндай қарым-қатынас саясаты уақыт өте келе тұрақты әрі жаңаша зерделеніп отыруы тиіс. Елбасы Н.Ә. Назарбаев аталған мәселеден мемлекеттік органдар ғана емес, қоғам, әр буын өкілі қалыс қалмауы керек екенін жеткізді.

«Аға мен жас буын арасындағы сабақтастықтың сақталуы маңызды. Мұны Қордай оқиғасы көрсетті. Алдыңғы буынның өмірлік тәжірибесі кейінгі ұрпаққа қажет екенін бағамдауға болады. Сонымен бірге, еліміздегі ұлт пен ұлыс мәселесінің ситуациялық реакциямен емес, жоспарлы, кешенді, тұрақты шаралар негізінде іске асып отыруы маңызды екенін көреміз», - деді Ж. Майлыбай.


Фото: ainews.kz


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT