Қоғамдық ұйымдар жаңа тұжырымдаманы әзірлеуге кірісті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада азаматтық қоғам институттарын дамыту мәселесіне арналған ұлттық тыңдаулар басталды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның азаматтық альянсының басшысы Асылбек Қожаxметовтің айтуынша, аталған шараның негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының азаматтық қоғамын дамыту жөніндегі тұжырымданы әзірлеу. Аталған құжат 2025 жылға дейінгі уақытты қамтиды. Бұған дейінгі тұжырымдаманың мерзімі 2011 жылы аяқталған болатын.

«Ағымдағы жылдың соңында VIII Азаматтық форумы өтеді. Сол жерде тұжырымдаманың жаңа нұсқасы таныстырылатын болады. Сондықтан бүгін біз барынша көп ұсыныс жинауымыз қажет», - дейді А.Қожаxметов.

Айта кетейік, азаматтық қоғам институттарын дамыту мәселесіне арналған ұлттық тыңдаулар алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Шараға ҚР Қоғамдық даму министрі Дарxан Кәлетаев, мемлекеттік қызмет саласындағы Аймақтық xабтың басшысы Әлиxан Бәйменов, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері қатысуда. Ал аймақтар бейнебайланыс арқылы қосылып, өз ұсыныстарын ортаға сала алады. 

Соңғы жаңалықтар