Қоғамдық ұйымдар бұл елдің бірлігін нығайтуда маңызды саналады - Жарылқасын Әзіретбергенов

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов Мемлекет басшысының Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құруын қолдайтындындығын айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төрағаның айтуынша аталған кеңес ел экономикасының дамуына да, қарапайым халықтың өміріне де сөзсіз әсер ететін болады.

Оның сөзінше, Қасым-Жомарт Кемелұлы азаматтарды бірлікте ұстау үшін жалпы билік пен елдің арасын жақындастыру үшін жақсы бастама көтеріп отыр.

«Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру бұл өте бір дәл уақтысында айтылған, қазіргі жағдайға керек нәрсе деп ойлаймын. Себебі, билік пен халықтың арасы жақындаса, халық пен билік бір болатын болса, онда сөз жоқ барлық ілгерілейді. Ол кезде бірлік те болады, тірлік те жүреді. Ұлттың бірлігі де жақсы болады және экономикамыз да дамиды»,- дейді Жарылқасын Әзіретбергенов.

Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мемлекет басшысының бағдарламасында халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге қатысты айтылған бастамаларын қолдап, бағдарламадағы үш бағытын іске асыратынын құптаймыз деп отыр.

«Жаңадан құрылатын ұлттық қоғамдық сенім кеңесі елімізде үлкен рөл атқарады ғой деп ойлаймын. Себебі, қоғамдық ұйымдар бұл елдің экономикасын дамытуда, бірлігін ұстауда да, достығын нығайтуда да маңызды саналады. Ал, республика көлемінде ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылатын болса, бұл біздің мемлекетіміздің бірлігіне және дамуына үлкен серпін береді»,- дейді кеңес төрағасы.

Соңғы жаңалықтар