+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 512.1
RUB 5.63 CNY 64.49
Jańalyqtar

Қоғамдық сананы жаңғырту бір күндік іс-шара емес - Аида Балаева

2020 жылғы 29 қазан 20:23
Бөлісіңіз:
Қоғамдық сананы жаңғырту бір күндік іс-шара емес - Аида Балаева

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қоғамдық сананы жаңғырту бір күндік іс-шара емес. Бұл туралы Ақордада өткен Қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия отырысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Өзгеріс сәруарлары: 20 әлеуметтік жоба толық акселерациядан өтті

«Сөз жоқ, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы тиімділігін арттыру бағытындағы жұмыстарды өз құзыреті шегінде алда да жалғастыратын болады. Дегенмен, бұл жұмыс үнемі жетілдіруді талап етеді. Осы орайда, Ұлттық комиссияның қарауына ұсынатын бірқатар проблемалық мәселелер бар«, - деді министр.

Осы ретте Аида Балаева аталған проблемалық мәселелерге қысқаша тоқталып өтті.

»Қоғамдық сананы жаңғырту бір күндік іс-шара емес. Қазіргі жағдай көрсетіп отыр, егер әлемнің үздік жетістіктерінен үмітіміз болса, біз ең алдымен санамыздағы пайдасыз қағидалар мен қажетсіз әдеттерден, тіл мен ділдің қадірсіздігінен, талғамсыз салт пен дарақы дәстүрлерден дер кезінде арылуымыз шарт. Ол үшін жоғарыда баяндалған жаңа жоспарды басшылыққа ала отырып, елдің тұтастай «рухани жағдайына» ауқымды зерттеу жасап, қандай өңірлерде қандай мәселелер барын анықтап, сол аймақтарда адресті түрде жұмыс жасау қажет. Бұл жұмыстың нәтижесі туралы өңір басшылығының әр жарты жыл сайын Үкімет деңгейінде есеп беруін енгізу керек», - деді ол.

Еске сала кетейік, Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен өткен комиссия отырысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын одан әрі тереңдетіп Ұлттық жаңғыру кезеңіне өткізудің арнайы Жол картасын жасау қажет деген шешім қабылданды. Бұл құжат аса маңызды ұлттық жоба ретінде жүргізіледі.

Ұлттық жаңғыру жобасының ең басты мәні – Ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Бұл – ұлттық жаңғырудың стратегиялық мақсаты болып қалады. Жол картасында Мемлекеттік тіл мәртебесін арттыру, Білім және ғылымды дамыту, Жоғары ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беру, Еңбек адамын қалыптастыру, Ауылды түлету сияқты т.б кешенді іс-шаралар қамтылады. Мемлекеттік хатшы отырысты қорытындылай келе, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының басым бағыттары бойынша жұмысты одан әрі жандандыру бойынша нақты тапсырмалар берді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT