Қоғамдық орындарда мас жүрген мыңға тарта атыраулық жауапкершілікке тартылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 1723 адам қоғамдық орында мас жүрген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері 1 723 адам қоғамдық орында мас жүргені үшін жауапкершілікке тартылған.

«Мәселен, 9 шілдеде сағат 02:08 шамасында 102 операторына Атырау қаласындағы С.Датов көшесінде орналасқан балалар алаңында ер адамдардың ішімдік ішіп отырғаны туралы хабар түсті. Патрульдік полиция қызметкерлері сол жерде ішімдік ішкен 4 ер адамды медициналық куәландыру орталығына жеткізді. Сараптаманың қорытындысымен 24, 25, 26 жастағы жігіттердің орта дәрежедегі мас күйде болғаны анықталды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Алкогольдік ішімдік ішкендерге ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 440-бабының 1-бөлімімен (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) әкімшілік хаттамалар толтырылып, әрқайсысына 7 292 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда балаларының көзінше ішімдік ішкен әйелдің құқығы шектелгенін жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар