Қоғамдық орындарда мас күйінде жүріп, темекі тұқылдарын тастағаны үшін ақтөбеліктер 12 млн теңге айыппұл төледі

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - 2014 жылы Ақтөбе облысының әкімшілік полициясының қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті бұзуға байланысты 150 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады. Бұл туралы аймақтық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Соның ішінде қоғамдық орындарда алкогольді ішімдіктерді ішіп, мас күйінде жүрудің жеті мыңға жуық фактісі, бес мыңнан астам ұзақ бұзақылық жасау анықталды, соның үш мыңнан астамы қоғамдық орындарды, саябақтарды ластаумен, коммуналдық қоқыстарды тастаумен байланысты.

Қоғамдық орындарда темекі шегуге салынған тыйымды бұзғаны үшін облыстың екі мыңнан астам тұрғыны жауапкершілікке тартылды. Сотқа төрт мыңнан астам әкімшілік материалдар жіберіліп, сол бойынша сот шешімімен екі мыңнан астам бұзушылар 15 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алынған. Барлық құқық бұзушылықтар бойынша жалпы сомасы 12 миллион теңгеден астам айыппұл төленді.

Соңғы жаңалықтар